Оқиға
1 мин оқу 264

Оралда басына кірпіш құлаған әйел қаза болды

<p style="text-align: justify;">Оралда үйдің жанынан өтіп бара жатқан әйел адамның басына кірпіш құлап кеткен. Алған жарақаттарынан ол оқиға орнында жан тапсырды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;&laquo;<a href="https://mgorod.kz/news/zhenshhine-na-golovu-upal-kirpich-v-uralske-ona-pogibla/">Мой город</a>&raquo; сайтына сілтеме жасап.&nbsp;</p>

Қайғылы оқиға кеше сағат 14:35-те Назарбаев даңғылы көшесінің бойында болған. Бұл туралы Орал ПБ баспасөз қызметі хабарлады.

Полицейлердің мәліметінше, Назарбаев даңғылы бойындағы №236 үйдің жанынан өтіп бара жатқан әйелдің басына кірпіш құлаған. Ол алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды.

Қайғылы оқиғаның мән-жайын тергеу тобы мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері анықтап жатыр.

Бөлісу: