Әлем
1 мин оқу 170
ХАМАС тұтқындардың үшінші тобын босатты
<p style="text-align: justify;">Палестиналық ХАМАС (Ислам қарсыласу қозғалысы) өкілдері жексенбі күні тұтқында ұстап отырған израильдіктердің үшінші тобын Қызыл Крест ұйымына тапсырғанын мәлімдеді, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Осы сипаттағы әрекет қос тараптың уақытша жасалған келісімінің арқасында мүмкін болып отыр.
«Гуманитарлық бітім аясында және алмасудың үшінші кезеңінде біз 13 израильдік, 3 таиландтық және 1 ресейлік тұтқынды Қызыл Крест ұйымына тапсырдық», делінген ХАМАС-тың мәлімдемесінде.
Кейіннен ХАМАС тағы 13 израильдік тұтқынды еркіне жіберсе, оған жауап ретінде Израиль 39 палестиналық тұтқын мен таиландтық төрт азаматты босатты.
Бөлісу: