Спорт
1 мин оқу 170

Гандболдан әлем чемпионаты: Ел құрамасы қарсыластарымен қашан кездеседі?

<p style="text-align: justify;">Қарашаның 29-ы &ndash; желтоқсанның 7-сі күндері аралығында Дания, Норвегия, Швеция елдерінде өтетін гандболдан әлем чемпионатына Қазақстан қыздар құрамасы қатысады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Дүбірлі додаға қатысатын 32 құрама төрт-төрттен сегіз топқа бөлінген. «G» тобында сыналатын Қазақстан гандболшыларының қарсыластары – Бразилия, Испания, Украина.

Алғашқы ойында ел құрамасы 29 қарашада Испаниямен текетірессе, 1 желтоқсанда Бразилиямен шеберлік байқасады, ал 3 желтоқсанда Украинаға қарсы ойнайды.

Байрақты бәсеке «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Айта кетсек, әлем чемпионатына жетінші мәрте қатысып отырған Қазақстан гандболшыларының ең биік көрсеткіші, әзірге 2007 жылғы 18-орын.

Бөлісу: