Оқиға
1 мин оқу 240

Автобус пен КамАЗ соқтығысып, 4 адам жарақат алды

<p style="text-align: justify;">Кеше Қызылорда облысында автобус пен КамАЗ соқтығысып, 4 адам жарақат алды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 26 қарашада кешкілік уақытта Қызылорда облысының Жалағаш ауданына қарасты Аққұм ауылы тұсында «М-32» Шымкент-Самара тасжолы бойында КамАЗ автокөлігінің тас тиелген тіркемесі босап кетіп, қарсы бағытта бара жатқан автобусқа соқтығысқан.

Автобус ішіндегі 4 жолаушы түрлі дене жарақатын алып, аудандық ауруханаға жеткізілген.

Полиция хабарламасында: «Оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 2-бөлігімен қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр», делінген.

Бөлісу: