Қоғам
1 мин оқу 310

Әскерилер күзгі бал мерекесін атап өтті

<p style="text-align: justify;">&laquo;Шығыс&raquo; өңірлік қолбасшылығына қарасты Абай гарнизонындағы 54770 әскери бөлімінде&nbsp; әскери қызметшілердің&nbsp; &laquo;Алтын күз&raquo; атты күзгі бал мерекесі ерекше қызықты көріністерімен көз тартты. Патриоттық-мәдени шараға әскери бөлімдегі ең мықты сегіз қырлы, бір сырлы өнерпаздар қатысты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Абай өңірлік әскери гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Әскерилер күзгі бал мерекесін атап өтті

Семей қаласындағы гарнизондық Офицерлер үйінде өткен шарада жас әскери мамандар ойын, ән, би арқылы күзгі мерекелік көңіл-күйлерін көтеріп, таныстырылым мен сән байқауында сынға түсті. Нақтылап айтсақ, өзін таныстыру, өнер сайысы, жұптар арасындағы ойын, сұрақ-жауап, өзіндік шығармашылық дайындық және үй тапсырмасы сияқты алты кезең бойынша өз мүмкіндіктерін көрсетті.

Әскери бөлімінің командирі, подполковник Қанат Танибергеновтің айтуынша,  жыл сайын ұйымдастырылатын балдың ауқымы да кеңейіп келеді.

- Алтын күз мерекесі жыл сайын ұйымдастырылып отыр. Мұндағы басты мақсат – әскери бөлімнің жеке құрамы мен олардың отбасыларына көтеріңкі көңіл күй сыйлау. Отбасылық қарым-қатынасты арттыру. Байқауда әскери қызметшілер өз өнерлерімен қатар білімдерін де ортаға салды. Дәстүрлі шараны алдағы уақытта да жоғары деңгейде, жаңа форматта өткізетін боламыз, - дейді подполковник Қ. Танибергенов.

Әділқазылар қатысушылардың өнері мен әр кезең бойынша жинаған ұпай санымен жеңімпаздарды анықтады. Осылайша тартысты да көңілді өткен байқаудың қорытындысы бойынша әділ-қазылардың шешімімен, Талант Мазақов пен Әсем Әлімбекова күз ханшайымы мен ханзадасы атанды.

Бөлісу: