Спорт
2 мин оқу 215

Атажұрттағы баскетбол жарысы

<p style="text-align: justify;">Атажұртқа алыс-жуық шетелдерден келіп, білім алатын қазақ жастарының қатары азайған емес. Жыл сайын қандастар арнау&shy;лы 4 пайыздық квотамен ғана грант конкурсына қатысып, білім алып жатыр. Сыртқы істер министрлігіне қарасты &laquo;Отандастар қоры&raquo; бүгінде қандас жастардың тек білім алып қана қоймай, қарашаңырақ Қазақ еліндегі қоғамдық ортаға бейімделуіне және саламатты өмір салтын насихаттауға ерекше көңіл бөліп отыр.</p>

Атажұрттағы баскетбол жарысы

Осыған орай «Отандастар қоры» КеАҚ және С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық зерттеу университетінің ұйым­дас­тыруымен Астанада студенттер арасында «Otandastar cup» ха­лықаралық баскетбол турнирі өтті.

Жарыстың ашылу салтанатында сөз алған Сенат және Мә­жіліс депутаттары Ғалиасқар Тө­лендіұлы, Болат Бақбергенұлы, Амангелді Ғабдылкәрімұлы, «Отан­дастар қоры» ұйымының басшысы Абзал Сапарбекұлы, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу универ­ситетінің басқарма мүшесі, Сту­денттер ісі жөніндегі проректор Жай­нагүл Айтмағанбетқызы қан­дастарға сәттілік тіледі.

вп

«Бұл турнирдің басты мақ­саты – атажұртта білім алып жат­қан қандас жастардың арасында достық қарым-қатынас орнату, бауырмалдық пен бірлікті насихаттау, сондай-ақ саламатты өмір салтына баулу, ең мықты спортшыларды шаршы алаңда анықтау. Жарысқа «Sine Midas Stroy» құрылыс компаниясы демеушілік жасап отыр», деді Абзал Сапарбекұлы.

Мәліметке сәйкес, биыл үшін­ші рет өтіп жатқан дәстүрлі турнирде Өзбекстан, Моңғолия, Қытай қатарлы алыс-жақын шет­елдерден келген 200-ге жуық студент бақ сынады. Сайысқа 16-25 жас аралығындағы ұл-қыздардан құралған 22 команда қатысты. Ер балалардан 16 команда, қыз балалардан 6 команда жасақталып, солардың ішінен сайдың тасындай іріктеліп шыққан 6 команда үздік атанды. Жеңімпаздарға арнайы сертификат пен ақшалай сыйлық табысталды. Сонымен, ұлдар арасында 1-орынды – Еуразия ұлттық университетінің «IMS Astana» командасы (Моңғолия), 2-орынды – Павлодар облысында білім алып, кәсіп бастап жүрген жастардың «Reggion 14» командасы (Моңғолия), ал 3-орынды ЕҰУ, Астана медицина университеттерінің «Қобда» командасы (Моңғолия) алды.

Ал қыздар арасында, 1-орынды – «Miamі» Моңғолия, Өзбек­станнан келген қыздар құрама командасы, 2-орынды – ЕҰУ, Астана IT университетінен құ­ралған «Jas qazaq» командасы (Моңғолия), ал 3-орынды Еу­ра­зия ұлттық университетінің «Eagle» командасы (Моңғолия) иеленді.

Сонымен қатар «Үздік спорт­шы» номинациясына Өзбек­стан­нан келген қандасымыз Ару­жан Какенқызы, моңғолиялық Үм­бет Әскерханұлы лайық болды.

Бөлісу:
Атажұрттағы баскетбол жарысы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар