Теннис
1 мин оқу 120

Алда – Аргентина

<p style="text-align: justify;">Теннистен Қазақстанның ерлер құра&shy;масы 2024 жылы шымылдығы түрі&shy;летін Дэвис кубогінің іріктеу сайысында Аргентинамен күш сынасады. Бұл кездесу 2-4 ақпан аралығында өтеді.</p>

Алда – Аргентина

Аргентина – оңай қарсылас емес. Олар 1981, 2006, 2008 және 2011 жылдары Дэвис кубогінің ақтық сынына дейін алқын­бай жетіп, шешуші тұста ғана ұтылды. 2016 жылы сыртта ойнағандарына қара­мас­тан Польша, Италия, Ұлыбритания және Хор­ватия құрамаларын жолынан ығыс­ты­рып, бас жүлдені олжалады. Қазіргі кезде арген­тиналық команданың сапында Фран­циско Черундоло (әлемнің №21 ракеткасы), Себастьян Баес (№28) және Томас Мар­тин Этчеверри (№30) сынды мықты ойыншылар бар. Сол секілді Педро Качин (№70), Фе­дерико Кория (№80), Факундо Диас (№93) түрлі турнирлерде тәп-тәуір өнер көрсетіп жүр. Кезінде ТОП-10 теннисшінің қатарында болған 31 жастағы Диего Шварцман да өзінің «соңғы сөзін» әлі айтқан жоқ.

Қазіргі кезде Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингте 13-орынды иеленіп тұр. Ал Ар­гентина отандастарымыздан алты саты төмен.

Бөлісу:
Алда – Аргентина · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар