Аймақтар
1 мин оқу 274

Баспаналы болу бағдарламасы

<p style="text-align: justify;">Тараз қаласында тұр&shy;ғын&shy;дарды қолжетімді бас&shy;па&shy;намен қамту бойынша оңтайлы ипотекалық бағ&shy;дарламалар жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі кезде мемлекеттік қордан тұрғын үй кезегінде тұрған I, II топтағы мүгедектігі барлар, көпбалалы отбасы, мүге- д&shy;ектігі бар бала асырау&shy;шы от&shy;басы, кәмелетке тол&shy;ған&shy;ға дейін ата-аналарынан айы&shy;рылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-ана&shy;сының қамқорлығынсыз қалған балалар санатында тұрған азаматтарға ар&shy;налған &laquo;Ба&shy;қытты отбасы&raquo; бағ&shy;дар&shy;&shy;ла&shy;масы аясында 460 пә&shy;терге 4 млрд теңге бөлін&shy;ген.</p>

Баспаналы болу бағдарламасы

Бүгінгі таңда «Бақытты отбасы» бағдарламасының қаты­сушыларына 1,5 миллионға дейін тұрғын үй сертификаты беріліп жатыр. Ал «Кон­цеп­ция» бағдарламасы аясында 500 пәтерге 4 млрд теңге қарастырылған. Аталған пәтер­лер инженерлік құрылысы аяқ­талған соң конкурсқа шы­ғарылмақ.

Жергілікті атқарушы би­лік келтірген дерекке сенсек, «7-20-25» мемлекеттік бағ­дар­ламасы аясында 523 пә­тер рәсімделген. 2020-2025 жыл­­дарға арналған «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемле­кет­тік бағдарламасы аясында бү­гінде 3 623 пәтерге сатып алу ке­лісімшарты жасалыпты.

2023 жылға дейін жергілікті атқарушы органдарда баспанаға мұқтаж адам ретінде үй кезегінде тұрған азаматтарға арналған «Нұрлы жер» бағдарламасының жаңа бағыты «Шаңырақ» (5-10-20) бағдарламасы іске қо­сылып, 751 отбасы баспаналы болған. Сонымен қатар 2019 жылдан бастап үй кезегінде «Толық емес отбасы», «Көпбалалы отбасы», «Мүгедектігі бар бала асыраушы отбасы» санатында кезекте тұрған азаматтарға ар­налған «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 288 отбасы үйлі болып отыр.

ТАРАЗ

Бөлісу:
Баспаналы болу бағдарламасы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар