Аймақтар
2 мин оқу 231

Ауыл полицейлері жаңа көлікке мінді

<p style="text-align: justify;">Павлодарлық тәртіп сақшыларының автопаркі жаңа 215 көлікпен толықты. Полиция қызметкерлерінің жұмысын жеделдете түсуге мүмкіндік беретін темір тұлпарлардың көбі ауылдық аумақтардағы инспекторларға бұйырып отыр.</p>

Ауыл полицейлері жаңа көлікке мінді

Құқықтық тәртіпті қам­та­ма­сыз етудің басты шарт­тары­­ның бірі – тұрғындардың тәр­тіп сақшыларына деген сенімі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «По­ли­ция қызметкерлері, ең алдымен, өз еліне, өз халқына адал қызмет етуі керек», деп атап өткен болатын Ішкі іс­тер­ министрлігінің алқа мәжі­лі­­сінде. Өңірде құ­қық қорғау сала­сының мате­риалдық-тех­ни­­ка­лық базасын жақсарту үшін тиісті қадамдар жасалып жа­тыр. Ал жаңа көліктердің көп­­ші­лігі алғаш рет ауылдық елді мекендерге жіберілгені қуан­тып отыр.

«JAC», «Kia» және «Chev­­­rolet Cobalt» маркалы­ қыз­меттік автокөліктер учас­ке­лік полиция инспекторларына және патрульдік полиция батальоны мен рота­сы­ның инспекторлары, сон­дай-ақ қалалық, аудандық поли­ция басқармалары мен бөлім­дері арасында таратылды. Автокөліктер белгіленген стан­дарттарға сай, барлық қа­жетті техникалық құралмен жаб­­дықталған және құқық қор­ғау органдарына қоғамдық тәртіпті бұзғандарға жедел ден қоюға мүмкіндік береді», деп атап өтті өңірлік полиция де­партаменті өкілдері. Тех­никалар «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның лизингтік бағ­дар­ламасы бойынша сатып алынған.

«Жұртқа жақын полицей» қағидасын ұстанған керекулік тәртіп сақшылары биыл рес­публикада алғашқы болып сервистік қызмет көрсететін учаскелік полиция пункттерін қолға алды. Нәтижесінде, жер­гі­лікті полиция пункттерін оң­тайландыру жүріп жатыр. Пав­лодар қаласында бұрын олардың саны 23 болса, қазір небәрі 16 полиция пункті жұмыс істеп тұр. Мұндай сервистер жуық арада еліміздің өзге де қалаларында ашылады деп жоспарланып отыр. «По­лицияның сервистік моделі» жобасы аясындағы жүйені дамыту жалғасын тауып жатыр. Тәртіп сақшыларының жұ­мысын тұрғындар үшін тиімді ете түсуді көздейтін жобаға полицияның сапалы қызметі, клиентке бағдарлану, үкіметтік емес ұйымдармен, мемлекеттік мекемелермен тұрақты серіктестік жасау бағыттары енген.

Павлодар облысы 

Бөлісу:
Ауыл полицейлері жаңа көлікке мінді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар