Оқиға
1 мин оқу 490
«Ішінде сегіз адам болған»: Шымкентте лифт құлап кетті
<p style="text-align: justify;">Лифт кабинасында сегіз ер адам болған. Олар мінген кезде лифт айналасы 1-2 секундта 7 қабат (9-2 қабатқа дейін) төмен құлдилаған. Одан кейін лифт ішін шаң мен топырақ басып қалған, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Лифт ішіндегілер шок алғанмен, жазым болғандар жоқ. Жеделсатыда қалып қойғандар есікті өз күштерімен ашып шыққан.
Оқыс оқиға болған лифт «Kazak Lift» ЖШС-іне тиесілі, ол Тұран-2 шағын ауданындағы №40 үйде орналасқан. Тұрғындардың айтуынша жеделсаты 2021 жылы пайдалануға берілген.
Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті лифттің құлау себебі белгісіз екенін жеткізді.
Бөлісу: