Қазақстан
1 мин оқу 171

Әуежайдағы тіркеу жеңілдейді

<p style="text-align: justify;">Астана халықаралық әуежайынан жолаушылар биометриялық сәйкестендіру арқылы тіркеуден өтуі мүмкін. Қазір әуежай басшылығы елорданың әуе қақпасына заманауи технологияны енгізу мүмкіндіктерін қарастырып, кедергілерді сараптап жатыр.</p>

Әуежайдағы тіркеу жеңілдейді

Биометриялық сәйкестендіру ар­қылы тіркеу жүргізуді қолда­ныс­қа енгізуге еліміздегі биомет­рия­лық базаның бір жерге шоғырлан­ды­рылмағаны кедергі боп тұр. Сон­дықтан аталған мәселені жуық арада шешу әрі әуежайдағы цифрландыру деңгейін арттыру маңызды.

– Астана халықаралық әуежайы IATA халықаралық әуе көлігі қауым­дас­тығы мен ICAO халықаралық аза­маттық авиация ұйымымен ты­ғыз әріптестік орнатқан. Біз осы халықаралық ұйымдардың стандарттарына сәйкес әуежай қызметін дамытуды жалғастырамыз. Биометриялық сәйкестендіру бағдарламасын енгізуді авиация саласындағы телекоммуникация және IT бағдарламаларды даярлауға негізделген швейцариялық ақпараттық ұйым SITA-мен бірлесе жүргізуге ниеттіміз. Биометриялық сәй­кестендірудің көмегімен жолаушылар рейске тіркелу кезінде қажетті операциялардың барлығын орындауға, құжаттарды өз бетінше толтыруға және басып шығаруға, төлқұжаттың электронды нұсқасын толық қолдануға мүмкіндік алады, – дейді «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ басқарма төрағасы Ерғазы Жолдасов.

Айта кету керек, SITA-мен алдын ала келісім бойынша 27-30 қараша күндері жолаушыларды биомет­рия­лық сәйкестендіру арқылы тіркеу бағдарламасы Астана халықаралық әуежайында сынақ режімінде іске қосылады. Сынақ режіміне арнайы фокус-топ құрылған.  Еске сала кете­йік, жолаушыларды биометриялық сәй­кестендіру ар­қылы тіркеу Дубай, Сингапур, Ганконг, Сербия және Пәкіс­танның халықаралық әуежай­ларында кеңінен қолданылады. 

Бөлісу:
Әуежайдағы тіркеу жеңілдейді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар