Саясат
1 мин оқу 120

Мұнайға қатысты құжат

<p style="text-align: justify;">Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы халықаралық ынтымақтастықты талқылады.</p>

Мұнайға қатысты құжат

Талқыға түскен құжат «2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Респуб­ли­касының Үкіметі мен Ресей Федера­циясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына Мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы Хат­таманы ратификациялау туралы» заң деп аталады.

Заңның мақсаты – Қазақстан Рес­пуб­ли­касы мен Ресей Федерациясы арасын­дағы Мұнай және мұнай өнім­дерін жеткізу саласындағы сауда-эко­номикалық ынты­мақтастық туралы келісімге енгізілген өзгерістерді заңды түрде ресімдеу. Хаттамада Келісімнің 3-бабына Ресейден Қазақстанға әкеті­летін мұнай мен мұнай өнімдерін уақытша мерзімді кедендік деклара­циялаудың күшін жою туралы өзгеріс енгізу көзделіп отыр. Мұнай мен мұнай өнімдерін керек-жарақ ретінде әкету үшін, сондай-ақ мұнай мен мұнай өнімдерін 2022-2024 жылдары құбырмен жеткізуге ерекше жағдайлар белгіленеді.

Комитет мүшелері талқылау қоры­тындысы бойынша заңды Палата отырысында қарауға жіберу туралы шешім қабылдады.

Бөлісу:
Мұнайға қатысты құжат · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар