Үкімет
2 мин оқу 170

Тиімді тұрақты диалог

<p style="text-align: justify;">Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Андрей Лукин XXI ғасырдағы тату көршілік және одақтастық туралы шарттың 10 жылдығына орай дөңгелек үстел жұмысына қатысты.</p>

Тиімді тұрақты диалог

Кездесуге қатысушылар Шарттың рухы мен қағидаттарына сәйкес екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Сенатор Андрей Лукин біздің мемлекеттер басшылары екі­жақты ынтымақтастық пен халықара­лық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша тұрақты диалог жүргізіп отырға­нын атап өтті. Бүгінгі таңда Қазақ­стан мен Ресей қатынастары барлық салада жоғары даму қарқынын паш етіп келеді.

«Екі мемлекеттің басшылары бел­гілеген тығыз ынтымақтастықтың жоғары деңгейі заң шығармашылығы және заң шығару институттары саласына да ықпал етеді. Қоғамдық-саяси үдерістердегі Парламенттердің маңы­зы зор екенін ескере отырып, қазақ­стан­дық тарап егемендікті өзара құрмет­теу қағидаттары мен туындайтын мә­селе­лердің ортақ шешімдерін іздестіруде Ресеймен тепе-тең диалог орнатуға ерекше назар аударады. Қазақстан бауырлас мемлекеттердің, оның ішінде Парламенттер палата­лары­ның өкілдері арасындағы тиімді парламентаралық өзара іс-қимылды дағдылы түрде жақтап келеді», деді Андрей Лукин.

Сенатор сонымен қатар Қазақстан­да жүргізіліп жатқан реформалар туралы кездесуге қатысушыларға айтып берді және Ресей Федерациясы тарапынан қолдау және ХХІ ғасырдағы тату көршілік пен одақтастық туралы шарттың маңыздылығын атап өтті.

«Шарт екі мемлекет азаматтары­ның әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын, Қазақстан мен Ресейдің орнық­ты әлеуметтік-экономикалық дамуын арттыру жөніндегі міндеттерді тиімді шешуге ықпал етті. Сонымен қатар бұл халықаралық-құқықтық құжат ын­ты­мақтастықтың дәстүрлі ғана емес, жаңа, жоғары технологиялық және ғылыми ауқымды салаларды дамытуға арналған базаны қамтамасыз етті. Шарт халықтың денсаулығын жақсартуға, қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастыққа, экологиялық бағ­дарламаларды іске асыруға бағыт­талған бірлескен іс-қимылдарды едәуір кеңейтуге мүмкіндік береді», деп атап өтті сенатор А.Лукин. 

Бөлісу:
Тиімді тұрақты диалог · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар