Қазақстан
1 мин оқу 320

Мереке күндері қосымша пойыздар қатынайды

<p style="text-align: justify;">Тәуелсіздік күні мерекесі мен Жаңа жыл мейрамы қарсаңында жолаушылар тарапынан пойыздарға сұраныс еселеп артатыны белгілі. Осы себепті&nbsp;&laquo;Жолаушылар тасымалы&raquo; АҚ бірнеше бағытта&nbsp;қосымша пойыздарды шығарды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қосымша пойыздар мына бағыттар бойынша қатынайды:

- №201/202 «Нұр-Сұлтан 1-Шымкент» бағытында - 2023 жылдың 15, 29 желтоқсаны және 2024 жылдың 1 қаңтарында елордадан 3 пойыз қатынайды. Ал Шымкенттен биыл 16, 30 желтоқсан мен 2024 жылдың 2 қаңтарында пойыз жүреді.

- №203/204 «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол-Алматы 2» бағытында - осы жылдың 15, 28, 29 желтоқсанында және 2024 жылдың 1, 2 қаңтарында Нұрлы жол вокзал кешенінен 5 пойыз жүреді.  Ал Алматы 2 вокзалынан 16, 29, 30 желтоқсан және келер 2024 жылдың 2, 3 қаңтарында пойыздар қатынайды.

Құрам стандартты купе мен плацкарт вагондарынан тұрады.

Сондай-ақ №7510/7509 Электр пойызының Астанадан Павлодар бағытында қосымша рейстері қосылады. Пойыз елордадан осы жылдың 15, 29, 30 желтоқсанында, ал кері бағытта - биылғы жылдың 18 желтоқсанында және 2024 жылдың 2 қаңтарында жүреді.

Бұдан басқа сұранысы көп бағыттар бойынша техникалық мүмкіндік болған кезде жолаушылар пойыздарына қосымша вагондар қосылады.

Бөлісу:
Мереке күндері қосымша пойыздар қатынайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар