Футбол
1 мин оқу 153

Ертең «Астана» - «Динамо» Загреб матчы өтеді

<p style="text-align: justify;">30 қараша күні &laquo;Астана&raquo; футбол клубы өз алаңында хорватиялық &laquo;Динамо&raquo; Загребті қабылдайды. Конференция Лигасы аясындағы іріктеу турының матчы Астана уақытымен 21:30-да басталады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Астана» - «Динамо» (Загреб) матчын «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

«Астана аренада» өтетін ойынға жанкүйерлер ыңғайлы жету үшін CTS көлік компаниясы  қалада қатынайтын бірқатар бағыттың жүру уақытын ұзартты. 

«Футбол жанкүйерлеріне ыңғайлы болу үшін қалалық № 10, 12, 26, 37, 40, 49, 51, 53, 60 және 303 қала маңы бағдарларының жүру уақыты ұзартылады. Осылайша, жанкүйерлер ойын аяқталғаннан кейін межелі жерге кедергісіз жете алады», делінген компания хабарламасында. 

Айта кетейік, «Астана» - «Динамо» арасындағы алғашқы матч қыркүйек айында Загребте өткен болатын. Аталған ойында отандық клуб қарсыластарынан 5:1 есебімен жеңілген еді.

Бөлісу: