Оқиға
1 мин оқу 231

Ақтөбелік оқушы екі күннен бері хабар-ошарсыз жоғалды

<p style="text-align: justify;">Ақтөбе облысының Полиция департаменті кәмелетке толмаған орта мектептің 8-сынып оқушысын іздестіріп жатыр, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ол 27 қарашада сағат 15.00 мұғдарында үйден шығып, оралмаған.

Екі күн бұрын үйінен шығып, оралмаған оқушы Иов Антон Алексеевичтің белгілері: 15 жаста, арық денелі, бойы – 160-165 сантиметр, аққұба, көзі көк.

Жоғалып кеткен жасөспірім қара қалпақ пен қоңыр күрте және қаракөк шалбар киген, қолында қара сөмкесі болған.

Бөлісу:
Ақтөбелік оқушы екі күннен бері хабар-ошарсыз жоғалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар