Теннис
1 мин оқу 130

Жеребе жапондармен жолықтырды

<p style="text-align: justify;">Испанияның Малага қаласында 2024 жылы жалауы желбірейтін Билли Джин Кинг кубогі жолындағы жа&shy;рыста Қазақстанның әйелдер құра&shy;масы қай командамен шеберлік байқа&shy;са&shy;тыны белгілі болды.</p>

Жеребе жапондармен жолықтырды

Жеребе жерлестерімізді Жапониямен жолықтырды. Бұл кездесу 12-13 сәуір күндері Күншығыс елінде өтеді. Бұған дейін аталған жарыстың іріктеу сайыстарында аталған командалар өзара бес мәрте күш сынасты. Сол бәсекелердің төртеуі жапондардың жеңісімен аяқталды. Қазіргі кезде әлемдік рейтингте Қазақстан командасы 9-орында тұрса, қарсыластарымыз 20-сатыға тұрақтады. Бұл күндері Жапонияда жекелеген теннисшілер арасында жасындай жарқылдап жүрген ешкім жоқ. Олардың ең үздік ойыншылары WTA тізімінде мынадай орындарға жайғасты: Нао Хибино – 95-орын, Маи Хонтама – 117-орын және Моюка Учиджима – 198-орын. Өзгелердің көрсеткіштері одан да төмен.

Кезінде Жапония құрамасын әйгілі Наоми Осаканың өрге сүйрегенін жақсы білеміз. 2018-2021 жылдар аралығында ол АҚШ пен Аус­тралияның ашық біріншіліктерін екі реттен ұтып, WTA турнирлерінің жеті дүркін жеңімпазы атанды. Алайда келесі жылы декреттік демалыстан кейін қайта кортқа шығуды жоспарлап отырған Осаканың бірден бабына келуі екіталай.

Бөлісу:
Жеребе жапондармен жолықтырды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар