Жастар
3 мин оқу 234

Интернетті оқып жүр талай қазақ баласы...

<p style="text-align: justify;">&laquo;DataReportal&raquo; жаһандық сараптамалық платформасының биылғы статистикасына үңілсек, еліміздегі 18 миллионға жуық отандасымыз интернетті тұрақты пайдаланады. Әсіресе 12 мен 24 жас аралығындағы азаматтар TikTok пен Instagram-ды жиі қолданатын көрінеді. Ал осы жүйелердің тікелей эфирінде бақсы-балгер, құмар ойынды, жат ағымды насихаттайтындар өріп жүр. Желіде жеңіл пайда табуға шақырып, &laquo;аз ақшаңды көбейтуге көмектесемін&raquo; дейтіндер де баршылық. Қайтпек керек?</p>

Интернетті оқып жүр талай қазақ баласы...

Қазіргі балалар digital әлем ұсынған ақпарат тасқы­нының тұтқынына айналды. Қырағылар көзқарасы қалыптасып үлгер­меген ұр­пақ­тың санасын улап жатса, жа­на­шырлар көкжиекті ке­ңейтудің жолын іздеп әлек. Осынау проблеманы негізге алып, депутат Аманжол Әл­тай Мәжілістің бір отыры­сында «жас­өспірімдердің тәр­биесіне салғырт қарамауға мін­деттіміз» деген еді.

«Ұрпақ тәрбиесінде жі­бер­­ген қателіктердің түп-та­мыры тереңде. Нақтырақ айтсам, мәселе – өз баласының тәрбиесі­не тікелей жауапты ата-анада, ұрпақ тәрбиесімен айналысатын балабақшалар мен мектептерде, колледж­дер мен жоғары оқу орында­рында, жасөспірімдер тәр­тібін бақылауға алуға тиіс­ті құ­зыр­лы органдарда, қоғамдық, әлеу­меттік ортада және осы­лар­дың бәрін өнегелі тәрбие бе­ру ісіне жұмылдырып оты­­руға тиіс мемлекеттік билік­те», деді ол.

Ішкі істер министрлігі ұсын­ған деректер мәселенің мәнісін аша түседі. Айталық, былтыр құқық қорғау орындары заңға қайшы мазмұнда­ғы 16 мың интернет-ресурс­ты анықтапты. Ал қаржылық мониторинг агенттігі әлеумет­тік желі пайдаланушыларын құмар ойынға үгіттеген 177 аккаунтты бұғаттағанын мә­лімдеген. Осыған орай депутат ұялы телефонға телмірген ұрпақтың санасын сақтаудың бір жолы жасөспірімдердің TikTok-ты пайдалануына тыйым салу деген еді. Бірақ бұл көптің көңі­ліне қонбады.

«Қазіргі таңда әлеуметтік желі халықтың санасын түрлі де­зинформация мен қажеті жоқ ақпаратпен толтырып жатыр. Блогерлер байлығын, әншілер әде­мі өмірін паш етіп, пайдасыз посттар ұсынады. Десек те, ме­ніңше, проблема TikTok бол­­­сын, басқа да әлеуметтік желі­лер­ді бұғаттаумен, шектеу қоюмен ше­шілмейді. Ол үшін ата-ананың, биліктің жауапкершілігінен бө­лек, бірлесе жұмыс жүр­гізуіміз қажет. Әр адам қазақ қо­ғамының өркендеуіне қай тұс­та пайдалы бола алады, сол жағынан атсалысса құп. Мәсе­лен, өз басым TikTok-тағы 100 мыңнан аса, Instagram-дағы 200 мыңға жуық оқырманым арасында танымдық бағытта пайымды әрі пәлсапалы мағ­лұмат бергенді жөн санадым. Осылайша, көшеде кезіккен азаматқа сұрақ қойып, дұрыс жауап бергеніне сыйлық бе­ріп, контент жасап жүрмін. Сауал­дарым ұлттық мә­дение­тіміз, құндылықтарымыз бен нар тұлғаларымыз жөнін­де. Бүгінде әжептәуір қара­лым да бар», деді TikTok қолда­нушысы, кәсіпкер Жанбол Нұрмұханбет.

Жанбол секілді TikTok пен Instagram-да өткенге көз салып, болашақ иегерлерінің сауатын арттыруға зейін қойғандар да жетерлік. Бірақ жаман әдет адамға тез жұғады демекші, біз сенген ұрпақ жұмысшы­дан гөрі шетінен блогер бол­ғысы келеді. Өт­кен ғасырдың 90-жылдары сұра­ныс­қа ие болған қа­рапайым дәне­кер­леуші, механик, инженер сын­ды ма­мандардың салмағы бәсеңдеді.

«Қазіргі таңда жас­тар­дың көбі элек­трик, сантехник секіл­ді ма­ман­дықтарды таңдамай­ды. Өйт­кені аталған сала­ның бәсі тө­мен, мәрте­бесі биік емес. Бұл маман­дық­тар­ды на­си­хаттау ісі де дұ­рыс жүр­гі­зілмей жатыр. Мә­се­лен, ке­ңес заманы комбайншы Кәмшат Дө­нен­баева, шопан Жазылбек Қуа­нышбаев, күрішші Ыбырай Жақаев се­кілді адамдардың есімін елге танытып, мәртебесін кө­терді. Қазірде еңбек адам­да­ры насихат­талып жа­тыр. Де­сек те, белгілі бір дең­гейде ғана. Жалпы, еңбек адам­дарының өзге мамандар тә­різді арнайы мәртебесі жоқ, атқаратын қызметтері – на­ғыз қара жұмыс. Сол себепті де, бұл іске көп жас­ қызы­ға бермейді», деді филология ғы­­лымдарының кандидаты Серік­зат Дүйсенғазы.

Спикердің сөзіне қоғам бел­­сендісі Тоқтар Болысов та үн қос­ты. Айтуынша, елге қа­жет маман­дар қатарын толық­тыру үшін digital әлемінің әле­уетін пайдаланып, насихат жұ­мыстарын күшейту керек.

«Бүгінде ата-аналардың көбі «ме­нің балам депутат, президент болады» деп, жас­тайынан сәбидің құлағына, санасына аталған сөздерді құя­ды. Естігенін сіңіріп өс­кен жасөспірімнің мамандық таң­даудағы шешімі көзі көрген, құлағы естіген дүниеден бас­талады. Ашығын айту керек, қазір мектеп бітіруші тү­­лек­тердің басым көпшілігі ме­­х­а­ника саласын ұлттық бір­­­ыңғай тестілеуде төмен ұпай жинағанына байланыс­ты ғана таңдайды. Сайып кел­ген­де, бұл мамандықты жан қа­лауымен таңдап, жақсы иге­р­­ген адам мемлекеттік қай­­­рат­кер­дің жалақысынан да­ жо­ғары көлемде өз нәпақа­сын таба алады. Өйткені қазір сан­техниктің бір 10-15 минутта тындыратын жұмысы кемі 5-10 мың теңгеге бағаланады. Бұл – бір ғана мысал. Сон­дық­тан атаулы салалар­дың артық­шылықтарын жастарға дұрыс жеткізе алуымыз қажет», дейді жастар жанашыры.

Дариға ДӘУЛЕТҚЫЗЫ,

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық

университетінің 4-курс студенті 

Бөлісу:
Интернетті оқып жүр талай қазақ баласы... · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар