Аймақтар
2 мин оқу 220

Ынтымақтастық форумы

<p style="text-align: justify;">Челябі мемлекеттік университетінің Қостанай филиалында Қазақстан мен Ресейдің іргелес өңірлері арасындағы ынтымақтастық мәселесіне арналған &laquo;Еуразия қақпасы&raquo; халықаралық форумы өтті. Жиында қазіргі қоғам беталысындағы өзекті мәселелер мен екі ел арасындағы интеграциялық үдерістер талқыға түсті.</p>

Ынтымақтастық форумы

Форум жұмысы «Сөз жолы», «Нан жолы», «Жібек жолы», «Су жолы» деп аталған төрт бағытта өрбі­ді. Алғашқысында дәстүрлі БАҚ пен жаңа медианың жұмысы, екінші сек­­цияда Қостанай және Челябі об­л­ыс­­тарын­дағы шығармашылық бір­лес­тік­тердің дамуы, музейлер мен га­лереялардың, көрме орта­лық­­тары­ның жай-күйі сөз болды. Ал «Нан жолы» секциясына жинал­ған­­дар түрлі халықтардың танымы мен мә­д­е­ниетінде нанның алатын орны, нан пісірудің дәстүрлі әдіс­тері тал­қы­­лан­ды. Аталған секция жұмы­сы ая­сында Қостанай мен Челябі нау­бай­ханаларында пісірілген нан өнім­дері көрмесі ашылды. Жиын­ның «Жібек жолы» атты бөлі­мінде кәсіп­керлер мен салалық мекеме­лер­дің өкілдері іргелес екі өңір ара­сын­дағы экономикалық байланыс­ты нығайту, кәсіпкерлікті дамы­ту­да тәжірибе алмасу мәселесін талқы­лады. Сондай-ақ шалғай өңірлер­ді тастап кетіп жатқан халықты қа­лай тоқтатуға болады деген сауал төңі­­ре­гінде пікір алысты. Мысалы, Челябі мемлекеттік университетінің до­центі, экономика ғылымдарының кан­­ди­даты Дмитрий Плетнев шет өңір­­лерден көбіне 20-24 жас аралы­ғын­дағы тұрғындар көшіп жатқанын айтады.

«Негізінен жастар кетіп жатыр. Мәскеу немесе Санкт-Петербург секілді ірі қалаларға білім алуға немесе табысы жоғары жұмыс іздеп кетеді. Мұндай жағдай Қазақстанда да бар деп ойлаймын. Сондықтан мем­­лекет жергілікті жастардың бас­та­ма­сына барынша қаржылай қолдау жасап отыру керек», деді Д.Плетнев.

«Су жолы» секциясына экологтер мен экологиялық жауапкершілігін арттыру мақсатында ізденіс жасап жатқан кәсіпорын басшылары жиналды. Бұл жерде өзен-көлдерді сақ­тау, қорғау, сауықтыру, су тазар­ту нысандарын салу, экология сала­сы­на маман даярлау мәселелері көтерілді.

Форум аясында қазақ, орыс, татар, башқұрт халықтарының фольк­лорлық әндері шырқалды. Көр­шілес екі өңірді мекендеген халық­тардың тұрмыс-мәдениетінен сыр шертетін көрме ашылды. Көрмеге қойылған жәдігерлердің ішінде татар-башқұрт халқының ағартушысы, кезінде Троицк қаласында медресе ұстаған Зейнолла Расуловтың таяғын, ХVІІІ-ХІХ ғасырлардан жеткен ұлт­тық киім үлгілерін көруге болады.

Қостанай облысы 

Бөлісу:
Ынтымақтастық форумы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар