Заң
1 мин оқу 353
Жертөледен өрт шыққан: Хостелдегі қайғылы жағдайдың неден болғаны анықталып жатыр
<p style="text-align: justify;">Министр генерал-майор Сырым Шәріпхановтың басшылығымен ТЖМ-ның жедел тобы оқиға орнына аттанды. Онда олар хостелдегі өрттің шығу себептерін тексереді. Алдын ала деректер бойынша өрт ошағы жертөленің дәлізінде болған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
ТЖМ баспасөз қызметі мәлім еткендей өрт орнында Алматы қаласы ТЖД өрт сынау зертханасының анықтаушылары мен мамандары жұмыс істеп жатыр. Объект бір жарым ай бұрын хостел ретінде қайта жабдықталған.
Алматы қаласы ТЖД өрттің осы фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабына сәйкес қылмыстық іс тіркеді.
Бөлісу: