Елорда
1 мин оқу 220

Астанада «Хас шебер» фестивалі өтеді

<p style="text-align: justify;">Астана қаласы тұрғындары үшін желтоқсанның 17-19 күндері аралығында &laquo;Хас шебер&raquo; фестивалі ұйымдастырылады. Елорда әкімдігі бұл туралы ресми сайтында хабарлады.</p>

Астанада «Хас шебер» фестивалі өтеді

Елімізде бұрын-соңды болмаған отандық өнімдердің белгісін білдіретін қолөнершілер туы тігіліп, КИнЭС рекордтар кітабына енгізіледі.

Фестивальдің дресс-коды – ұлттық киім. Фестиваль барысында көрме-жәрмеңке ұйымдастырылады. Жәрмеңкеден түскен қаражаттың 10 пайызы қарттар үйіне жұмсалады.

Фестивальде қолөнершілер жұртшылыққа арнап мастер-класс өткізеді, сол сияқты қазақ халқының ұмыт болған салт-дәстүрлері және қызықты ойындар ұйымдастырылады.

Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен фестиваль Республика көшесі, 34 мекенжайында орналасқан «Жастар» сарайында сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін өтеді.

Бөлісу:
Астанада «Хас шебер» фестивалі өтеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар