Аймақтар
1 мин оқу 122

Саяси реформаның сәтті бастамасы

<p style="text-align: justify;">Семей қаласында &laquo;Та&shy;рап&shy;тар арасындағы өза&shy;ра түсініс&shy;тікті те&shy;рең&shy;&shy;дету&raquo; атты конференция ұйым&shy;дас&shy;тырылды. Алқалы жиын&shy;ның басты мақ&shy;са&shy;ты &ndash; елімізде алғаш рет қа&shy;нат&shy;қақты жоба ре&shy;тін&shy;де өткен аудан және қала әкім&shy;де&shy;рін сайлау үдерісін қоры&shy;тын&shy;ды&shy;лап, Прези&shy;дент&shy;тің бұл ба&shy;ғытта іске қосқан бас&shy;та&shy;маларына үнқосу.</p>

Саяси реформаның сәтті бастамасы

Конференция барысында «Әлеу­меттік желілердегі контент және коммуникация стильдерінің түрлері», «Сайлау комиссияларының әлеумет­тік қызметін медиа жос­парлаудың жаңа тәсіл­де­рі» тақырыптары ке­ңі­нен талқыланып, іс-шараға қаты­­су­­­шылар еліміздегі саяси нау­қан жө­нінде ой-ұсыныс­та­рын ортаға салды.

Семей аумақтық сайлау комиссиясы төра­ғасының орынбасары Гүлжан Жақсыбайқызының айтуынша, мем­ле­кетіміздің бола­ша­ғымен тығыз байланыс­ты жа­рия­лылық талабына сай ма­ңыз­ды қадамдарға әрдайым сергек қарау қажет.

– Сәуір айында Астана қала­сын­да сайлау комиссия­ла­рының жұмысы бойынша электоралды оқыту тү­рін­­де арнайы курс өткен бола­тын. Қазір осы бағытта үнемі кон­фе­рен­ция­лар өткізіліп, оған тұрақты қатысып отырамыз. Бүгінде, міне, «Та­раптар арасындағы өзара түсі­ніс­тікті терең­дету» тақыры­бын­­да конференция өткізіп отыр­мыз. Жиын­да әлеуметтік желілерде әр­түрлі сұрақ пен келеңсіз ком­мен­тарий­ге қалай жауап беру ке­ректігі жөнінде ОСК тарапынан кеңестер берілді. Мұн­дай бас­қо­су­лар халықтың демокра­тия­лық үде­ріс­терге бейжай қарамай­тын­ды­ғын айғақтайды, қайта бел­се­не араласуға әзір екен­дігін таныт­­қанына күмән жоқ, – дейді Г.Қуанышева.

Орталық сайлау комис­сия­­­сы­ның ұйымдас­ты­руы­мен өткен екі күндік конферен­ция барысында 2023 жылы атқа­рылған жұ­мыс­тар қорытын­ды­ланады.

Бөлісу: