Қоғам
1 мин оқу 151

Ертеңнен бастап Өскеменнің трамвайларында кондуктор болмайды

<p style="text-align: justify;">Өскемен қаласында желтоқсан айынан бастап трамвайлардың барлығы кондукторсыз жүретін болады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Өскемен көлік компаниясы» ЖШС мәліметінше, 1 желтоқсаннан бастап трамвайларда кондукторлар болмайды.

«Трамвай жолаушылары жол ақысын QR-кодпен, картамен валидатор арқылы немесе жолақысын жүргізушіге қолма-қол беріп төлей алады. Талдау барысында белгілі болғандай, соңғы алты айда жолаушылардың 51%-ы ақыны Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы төлеген. Ал 32-35%-ы картамен валидатор арқылы төлесе, 15-17%-ы қолма-қол ақша берді», делінген ақпаратта.

Сондай-ақ бақылау жүргізу үшін контроллерлер күн сайын желіде жұмыс істейді. Жол ақысын төлемегендерге заң шеңберінде айыппұл салынады.

Бөлісу:
Ертеңнен бастап Өскеменнің трамвайларында кондуктор болмайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар