Үкімет
1 мин оқу 160
Үкіметтік комиссия құрылды
<p style="text-align: justify;">Премьер-министр Әлихан Смайыловтың өкімімен Алматы қаласындағы хостелде орын алған өрттің себептерін тексеру және оның салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды.</p>

Комиссияның құрамына мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, сондай-ақ Алматы әкімдігінің өкілдері кірді. Комиссия төрағасы Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов оқиға орнына шұғыл аттанды.
Үкіметтік комиссия өрт салдарынан болған қайғылы жағдайдың себептерін жан-жақты тексеру жұмыстарына дереу кірісіп, зардап шеккендерге бірінші кезектегі көмек көрсетеді.
Бөлісу: