Медицина
1 мин оқу 13,350

«Дәрігерлер соямыз деді». Белгілі актер жүрегіне операция жасатудан бас тартып, ерекше әдіспен емделіп жатыр

<p style="text-align: justify;">Белгілі актер, режиссер Сәбит Әбдіхалықов жүрегіне операция жасатудан бас тартып, заманауи әдіспен емделіп жатқанын айтты, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

«Биылдыққа бесінші рет жүрекпен ауруханаға жаттым. Жүрегіме стэнд қоюға мүмкіндік жоқ. Бір тамырдың бойы аншлаг, келесі бір вариант «соямыз» деп, кардиохирургтер пышақтарын жалаңдатып ниет білдірді (автордың жазу стилі сақталды – ред.)», деді ол.

Актердің айтуынша, дәрігерлер оның жүрек ақауын зерттей келе, тамырды үрлеу әдісімен емдеген.

Сәбит Әбдіхалықов қазір тәуір болғанын айтып, дәрігерлерге алғысын білдірді.

Бөлісу: