2026 жылы Қазақстанда Өңірлік климаттық саммит өтеді
<p style="text-align: justify;">БҰҰ аясында 2026 жылы Қазақстанда Өңірлік климаттық саммит өтеді. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Климат жөніндегі дүниежүзілік саммитте айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Орталық Азиядағы климатты қорғау жөніндегі іс-қимылдарға тың серпін беру мақсатында біз БҰҰ аясында 2026 жылы Қазақстанда Өңірлік климаттық саммит өткізуге шешім қабылдадық. Климат жөніндегі төтенше жағдай – жаһандық дағдарыс. Оған бүкіл әлем болып төтеп беру қажет. Бәріміз Жер шарын сақтауға және баршаға ортақ орнықты даму мақсаттарын қамтамасыз етуге жауаптымыз. Қазақстан ұжымдық іс-әрекет пен ынтымақтастықтың арқасында ғана климаттық дағдарыс проблемасын шеше алатынымызға кәміл сенеді», деді Қ.Тоқаев.