Футбол
1 мин оқу 115
«Ливерпуль» Мбаппені сатып алудан бас тартты
<p style="text-align: justify;">«Ливерпуль» футбол клубының басшылығы ПСЖ шабуылшысы Киллиан Мбаппені сатып алу туралы келісімшарттан бас тартты, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Бұл ақпаратты спорт журналисі Флориан Плеттенберг өзінің Х (Twitter) әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.
Дереккөздің айтуынша, қазіргі уақытта француз футболшысына қызығушылық танытып отырған жалғыз еуропалық клуб - Мадридтік Реал.
Айта кетейік, К.Мбаппенің ПСЖ клубымен қазіргі келісім шарты келесі жылдың жазында аяқталады. Бұған дейін БАҚ-та корольдік клуб 2024 жылдың алғашқы айларында 24 жастағы футболшымен келісімшартқа отыруды қалайтыны туралы ақпарат пайда болды.
Бөлісу: