Спорт
1 мин оқу 160

Қыздардың қарқыны күшті

<p style="text-align: justify;">Италияның Коллальбо қаласында конь&shy;&shy;&shy;киден өткен Әлем кубогінің екінші ке&shy;&shy;зеңдік сайысында еліміздің жас&shy;тар құрамасы табысты өнер көрсетті.</p>

Қыздардың қарқыны күшті

1 000 метрлік сайыста Инесса Шу­мекова шашасына шаң жұқтырмады. Оның уақыты – 1:22.34 секунд. Күміс медальды Арина Ильяшенко (1:22.61) иеленсе, польшалық Магдалена Смедзик (1:23.20) қолаға қол созды. Ал шорт-трек шеберлері Нидерландтың Леуварденінде бас қосты. Бұл жарыс­та да жерлестеріміз жанкүйерлерін қуантты. Құ­рамында Алина Әжіғалиева, Зейнеп Құ­мархан, Анастасия Астраханцева, Гүлдана Жал­мұхан және Полина Омельчук сынды спортшылары бар қыздар командасы 3 000 метрлік эстафетада мәре сызығын үшінші болып қиып өтті. Әлем кубогін Оң­түстік Корея олжаласа, Қызғалдақтар елінің өкілдері күміс медальды еншіледі.

Бөлісу:
Қыздардың қарқыны күшті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар