Теннис
1 мин оқу 121

Словенияда жүлде бұйырмады

<p style="text-align: justify;">Үстел теннисінен Словенияның Нова-Горица қаласында өтіп жат&shy;&shy;қан жастар арасындағы әлем бірін&shy;ші&shy;лігінің жұптық сайыстарында жер&shy;лестеріміздің жеңіліс тапқанын біз бұған дейін де жазғанбыз.</p>

Словенияда жүлде бұйырмады

Көп ұзамай жекелеген бәсекелер басталды. Өкінішке қарай, Сарвиноз Мірқадырова германиялық Аннетт Кауфманнан 0:4 есебімен ойсырай ұтылды. Есесіне Алан Құрманғалиев бұл жарысты жеңіспен бас­тады. Жергілікті жанкүйерлер Брин Вовкке барынша қолдау көрсеткеніне қарамастан ол алғашқы айналымда словениялық ойыншыға 4:2 есебімен сан соқтырды. Келесі кезеңде қазақтың өрені Қытайдың өкілі Вэн Рибиомен әбден тіресті. Десек те бұл бәсеке Қытай елі өкілінің пайдасына шешілді – 2:4.

Ал еліміздің бірінші ракеткасы Кирилл Герасименко Германияның Дюссельдорф қаласында ұйымдастырылған WTT Feede турнирінің ширек финалына дейін жетті. Бұл бәсекенің бас жүлдесін жергілікті спортшы Менгель Штеффен жеңіп алды.

Бөлісу:
Словенияда жүлде бұйырмады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар