Қоғам
2 мин оқу 172

Электронды жетекші

<p style="text-align: justify;">Абай облысы Аягөз ауданының мұғалімдері көру қабілеті нашар адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға пайдалы өнім ойлап тапты. &laquo;Электронды жетекші&raquo; деп аталатын құрылғы күнделікті өмірде қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етіп, әртүрлі жарақаттардың алдын алады.</p>

Электронды жетекші

«Электронды жетекші» – көзі нашар көретін жандардың жүріп-тұруына көмектесетін инновациялық құрылғы. Таяқтағы датчик пайдаланушының жо­лын­дағы кедергілерді алдын ала анық­тап отырады әрі дыбыстық нұсқаулар береді. Сондай-ақ пайдаланушыға қажетті орынды табуға көмектесетін мобильді қолданбалар да бар. Айналадағы әр­түрлі нысандарды және басқа да ма­ңызды бөлшектерді анықтауға кө­мектесетін компьютерлік көру технологиясы да қарастырылған. Бұған қоса қосымша мүмкіндіктерді пай­далану үшін құрылғыны смартфонға қосуға мүмкіндік бар.

Жобаны информатика пәні мұғалім­дері Алтынай Ыбыраева мен Арайлым Ысқа­қова, орыс тілі пәні мұғалімі Ай­жан Қуан­дықова, математика пәні мұ­ғалімі Данияр Надырбаев жасап шық­қан.

смит

«Ең бірінші Arduino мен уль­троды­быстық датчик арасында байланыс болу үшін оны сымдармен жалғадық. Бұл кедергілерді көреді. Келесі зуммер датчигін қосып, дыбысын қамтамасыз еттік. Қуат беру үшін батарея қажет болды. Arduino бағдарламасын пайдаланып, C++ тілінде бағдарлама жаздық. Компьютер мен жасаған машинаны USB шнурмен жалғап, жазған бағ­дарламаны электронды жетекшіге жүктедік», дейді жоба авторлары.

Мұғалімдер «Электронды жетекші» құрылғысына жұмсалатын шығын мен кірісті де ойластырған. Олардың айтуынша, бір таяқшаны жасап шығаруға 7 860 теңге қажет, ал оны нарықта 17 мың теңгеге сатуға болады. Елімізде мұн­­дай құ­рылғы жоқ, сондықтан бағасы да қолжетімді.

Алдағы уақытта жоба авторлары мү­гедектер қоғамымен келісіп, мем­лекеттік сатып алуға қатысуды жос­парлап отыр. Айта кетейік, мұға­лімдер жобасы қараша айында IT чемпионатқа қатысты. 

Бөлісу:
Электронды жетекші · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар