Үкімет
1 мин оқу 150

Күн тәртібі бекітілді

<p style="text-align: justify;">Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен бюро жиыны өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.</p>

Күн тәртібі бекітілді

Депутаттардың талқылауы­на Сингапур, Қатар мем­лекеттерімен инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы екі келісімді ратификациялау туралы заң жобалары ұсынылады.

Бұл келісімдер елдер ара­сын­дағы экономикалық ынты­мақ­тастықты нығайтуға, ел аумақ­тарында инвестициялық қыз­мет­ті жүзеге асыруға бай­ланыс­ты мәселелерді рет­теудің тәртібі мен шарттарын айқындайды.

Сонымен қатар алдағы жалпы отырыста 1999 жылғы 4 мау­­сымдағы Өнертабыстарды құ­қық­­тық қорғау саласында мем­ле­ке­таралық құпиялардың сақ­талуын өзара қамтамасыз ету тура­лы келісімнің қолданысын тоқ­тату туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасы қаралады.

Бұдан бөлек, депутаттар «Халықаралық су ағындарын кеме жүрмейтін пайдалану түр­лерінің құқығы туралы конвенцияны ратификациялау туралы» заң жобасын қарайды. Аталған конвенция әлем бо­йынша трансшекаралық өзендер мен көлдерді, онымен байланыс­ты жерасты суларын әділ және тұрақты басқаруға жәр­демдесу­дің жаһандық құқықтық тетігі болып саналатын негізде­мелік құжат болады.

Жалпы отырыста Мәжіліс комитеттері Ғылым және тех­нологиялық саясат туралы және дипломатиялық қызмет мәсе­лелері туралы жаңа заң жобаларын жұмысқа алады. Депутат­тар бастамашылық еткен ғы­лым және технологиялық сая­сат туралы заң жобасы Мем­ле­кет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағ­дар­ламасын орындау мақсатында әзірленді. 

Бөлісу:
Күн тәртібі бекітілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар