Қоғам
1 мин оқу 3,600

«Нобель сыйлығының лауреаттары алған». Димаш халықаралық марапатқа ие болды

<p style="text-align: justify;">Әнші,&nbsp; Қазақстанның&nbsp; халық артисі Димаш Құдайберген халықаралық сыйлыққа ие болды. Бұл туралы ол өзінің инстаграм парақшасында жария етті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Нобель сыйлығының лауреаттары алған». Димаш халықаралық марапатқа ие болды

«Құрметті достар! Бүгін Сербияның Белград қаласында «Karić brothers award» сыйлығына ие болдым. Мені әрдайым қолдап жүрген барша тыңдарман қауымға шын жүректен алғыс. Ағайынды Карич сыйлығы әлемге әйгілі ғылым, журналистика, экономика, мәдениет және қоғам қайраткерлеріне табысталады. 1979 жылдан бері Карич қорының сыйлығы бұған дейін Нобель сыйлығының лауреаттары Ж.Альферов, П.Хандке, Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Назарбаев, кинорежиссер Е.Кустурица, қоғам қайраткері М.Мазари, теннисші Новак Джокович, актер Стивен Сигал – барлығы 150-ден астам дарынды адамдарға табысталған», деп жазды Д.Құдайберген.

Бөлісу:
«Нобель сыйлығының лауреаттары алған». Димаш халықаралық марапатқа ие болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар