Солтүстікте күн күрт суытады
<p style="text-align: justify;">Синоптиктер желтоқсанның 5,6,7 күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, мәліметке сүйенсек, алдағы үш күнде еліміздің солтүстік аймақтарында ауа температурасы күрт төмендейді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Аптаның басында республиканың батыс және солтүстік бөлігі циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалында болады, жаңбыр мен қар күтіледі. 6 желтоқсанда еліміздің солтүстігінде қатты қар болжанады, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, тек еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
7 желтоқсанда суық солтүстік-батыс антициклонның енуіне байланысты бүкіл республика бойынша ауа райы жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы түнде еліміздің батысында, орталығында, шығысында 10-18 градус аязға дейін, республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде 25-33 градус аязға дейін, оңтүстігінде 5-13 градус аязға дейін күрт төмендейді. Қазақстан бойынша тұман мен жел күшейеді деп күтіліп отыр.