Спорт
1 мин оқу 130

Жастар жарап тұр

<p style="text-align: justify;">Бұл күндері бірқатар мемлекетте қыс&shy;қы спорт түрлерінен дүбірлі додалар өтіп жатыр. Сол жарыстарда бақ сынап жатқан еліміз спортшыларының өнері жаман емес.</p>

Жастар жарап тұр

Италияның Ренон қаласында жалауы желбіреген конькиден жастар арасындағы Әлем кубогінің кезеңдік сайысында Маргарита Артемьева 500 метрлік бәсекеде алдына жан салмады. Чемпионның көрсеткіші – 40.04 секунд. Осыған дейін түрлі бәсекелерде бір­неше рет жеңіс тұғырына көтерілген Инесса Шумекова (40.27 секунд) бұл жолы кү­міспен күптелді. Соның алдында ғана ол 1 000 метрлік қашықтықта топ жарған еді. Қола медаль норвегиялық Вилде Баасқа бұйырды. Нидерландтың Леуварденінде шорт-трекшілер бас қосты. Қызғалдақтар елінде Дінмұхамедалдияр Тәжібай үшінші сатыға жайғасты. Алғашқы екі орынды Оң­түстік Кореяның өкілі Хан Бен-Чан мен жарыс қожайыны Бас ван дер Валку иеленді.

Финляндияның Рука қаласында өткен фристайлшылардың жарысында канадалық Марион Тено бас жүлдені олжаласа, аус­тралиялық Даниэль Скотт күміске қол созды. Ал Жанбота Алдабергенова қола медальді мойнында жарқыратты.

Бөлісу:
Жастар жарап тұр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар