Жәдігер
2 мин оқу 300

Берел аруы

<p style="text-align: justify;">Отандық археологтер 2017 жылы Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы аумағында орналасқан Бұқтырма өзені алқабындағы Берел қорымынан тәні қима таған астау табытқа салып жерленген әйелдің мүрдесін тапқан еді.</p>

Берел аруы

Мамандар ж.с.д. IV–III ға­сыр­ға тән деп баға берген сақ патшайымының реконструк­ция­ланған бейнесі қазір облыстық тарихи-өлкетану музейінде тұр. «Қайта қалпына келтірілген сақ патшайымының әшекейлі киіміне қарап, сонау ғасырда-ақ мәдениетіміздің дамығандығын тағы бір аңғаруға болады», дейді мамандар.

Бұл жәдігерді тапқан танымал археолог Зейнолла Сама­шев: «Ежелгі көшпелілер көсем­дерін жерлеуде табиғаты ғажап мұндай өңірді таңдауы тегін емес. Обалар орналасқан ау­мақ орманмен көмкеріліп, биік тау­лар­мен қоршалған. Қорым үс­ті­нен қарағанда эллипс тәріз­дес төрт обалар тізбегінен тұра­ды. Әрбір тізбекте доминат оба бар», дейді.

Қазіргі таңда обалар тізбе­гін­­­дегі 40-тан астам нысанға зерт­­теу жасалды. Жұмыс әлі аяқ­­талған жоқ. Осы аралықта ар­хео­логтер көшпелілер қолға үй­ре­тіп, иесімен бірге жерленген толық жарақты жылқыларды тап­ты. Оның сыртында ең үлкен жаңа­лық – 5-қорғаннан бұдан 2300 жыл бұрын өмір сүрген жоға­рыдағы алтын киімді 14-16 жа­­­с­тағы қыз баланың мүрде­сі­нің табылуы.

Қызбен бірге екі жылқы жерленген, қасына үлкен-кіші қос құмыра қойылған, оның қасында алтын сапты ырым пышақ бар. Қыздың сүйектерінде тері-мата қал­дықтары сақталған. Атап айт­қанда, жас қыздың басында қызыл матамен әдіп­телген биік сәукелесінің ұшына бұғы мүсінді титул қондырылса, қарқараның өнбойы жапырақты алтын әше­кейлермен бәдізделген. Үстіне киген жұмсақ тері жар­ғағының қос өңірі шаршы алтын бұйымдармен көмкеріліп, аяғына сырты жүнді терімен қапталған қысқа қоныш, басы алтын оюлы етік кигізілген.

Сондай-ақ қазба жұмысы кезінде табылған бұйымдардың ішінде ағаштан ойылып, алтын жалатылған тау ешкілердің мүсін­де­рі, жыртқыш құс стилін­дегі ою-өрнектер мен фантастикалық полиморфті қанатты тіршілік иелері, түрлі өрнекті пластина­лар­ мен жапсырмалар бар. Бұғылардың барыспен айқасқа түскен көрі­ністері бейнеленген үлкен тікбұрышты пластиналар да ерекше көзге түседі.

«Қорғанның тоналып кет­ке­ніне қарамастан, сақ пат­ша­йымның киім үлгісін суретші Қалиолла Ахметжан жасап шық­ты. Конус тәрізді тәждің шірінділеріне қарап, сақтың шошақ бөрігін анықтады. Бұны кәдімгі қазақтың сәукелесі десе де болады. Ал табыл­ған әшекейлер археологтер­дің болжамы бойынша бас киімге жабыстырылған екен. Ортаңғы бір таутекенің басы екі денеге бекітілген. Қазба жұмыстары кезінде белгілі болғандай, ­тау­­­теке ағаштан ойылып, бетіне ал­тын жалатылған», дейді өлке­­­­танушы-тарихшы Альфия Бақбаева. 

Бөлісу:
Берел аруы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар