Президент
1 мин оқу 241

Мемлекет басшысы Халықаралық волонтер күнімен құттықтады

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев <a href="https://twitter.com/TokayevKZ">Х парақшасында</a> волонтерлерді мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Бүгін – Халықаралық волонтер күні. Біз өзгеге қол ұшын беретін жандарды әрдайым құрметтейміз. Еріктілер мейірімділік пен сүйіспеншіліктің, тілектестік пен жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетіп келеді. «Адал азамат» тұжырымдамасының тірегі – осы мызғымас құндылықтар. Қоғамға пайдалы іс-шараларға атсалысатын, қайырымдылық жобаларын жүзеге асыратын және мұқтаж адамдарға қамқорлық танытатын барша азаматтарға алғыс айтамын. Сіздердің жасампаздыққа толы қызметтеріңіз – шынайы отаншылдықтың көрінісі. Мемлекет волонтерлерге қолдау көрсете береді», деп жазды Президент өзінің Х парақшасына.

Бөлісу:
Мемлекет басшысы Халықаралық волонтер күнімен құттықтады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар