Қоғам
1 мин оқу 344

Іздеуде жүрген 219 қылмыскер ұсталды

<p style="text-align: justify;">20-30 қараша аралығында еліміздегі ішкі істер органдары &laquo;Құқықтық тәртіп&raquo; жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Шара нәтижесінде 2657 қылмыс&nbsp;&laquo;ізі суымай&raquo; ашылды. Оның ішінде бұрын жасалған 1 019 қылмыс, 1-кісі өлтіру, 3-қарақшылық шабуылдар, 21 &ndash; тонау және 994 басқа да қылмыстық іс анықталды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Заңнаманы бұзу фактілерін анықтау үшін саяжай алаптарын, құрылыс объектілерін, базарларды, шаруа қожалықтарын, жалдамалы пәтерлерді, шалғайдағы және өзге де күмәнді орындарды, үй-жайлар тексерілген. Нәтижесінде іздеуде жүрген 219 қылмыскер ұсталған.

Бұдан басқа, 181,5 мың әкімшілік құқық бұзушылық белгілі болды. Тәртіп бұзғандар арасында ең көп келеңсіз жағдай отбасы-тұрмыстық қатынас саласында анықталды.

«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы нәтижесінде Ішкі істер органдарының есебінде тұратын 95,3 мың адам тексерілді. Бұдан басқа отбасы-тұрмыстық қатынас саласында 4 489 қорғау ұйғарымы шығарылды және 1 077 ерекше талап белгіленді.

Бөлісу:
Іздеуде жүрген 219 қылмыскер ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар