Қоғам
1 мин оқу 180

«Абай» қорының спортқа көмегі

<p style="text-align: justify;">Жақында Астана қала&shy;сындағы Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясына халықаралық Абай атындағы мәдениет пен өнерді қолдау қорының ди&shy;ректоры Аслан Ғафуров бас&shy;&shy;таған топ қонаққа кел&shy;ді.</p>

«Абай» қорының спортқа көмегі

Спорт академиясында өткен дөңгелек үстелге жоғары оқу орнының ректоры Болатбек Дү­­кетаев, академияның прорек­торлары Айбол Көлбаев, Тұр­сынзада Қуанғалиева, Л.Н.Гу­милев атын­дағы Еуразия ұлттық уни­верситеті жанындағы «Абай» академиясы ҒЗИ жетекшісі Жандос Әубәкір және ақпарат құ­ралдары өкілдері, ғалымдар қатысты.

– Абай данышпан ұлттық спорт түрлеріне де бейжай қара­маған. Бәйге аттарын ұстаған, көк­пар десе елеңдеп, үйінде отыра алмаған. Көкпаршыларға ақыл-кеңес беріп отырған. Біздің Астанадағы спорт академиясына келіп, меморандумға қол қоюдағы мақсатымыз – білім алып жатқан жастардың бойында елі мен жерін сүйетін қасиет қалыптастырып, спортта жақсы нәтижелерге жету, – деді А.Ғафуров.

Академия ректоры Болатбек Асыл­бекұлының айтуынша, ашыл­ғанына небәрі екі жыл болған оқу орнында бұл күндері 800-ге тарта спорт саңлақтары мен болашақ бапкерлер білім алып жатыр.

Меморандум аясында тараптар ғылыми-әдіс­намалық, ақпараттық, сараптамалық қызмет саласында, сондай-ақ спорт сала­сында ұлт­тық құндылықтар не­гізінде бірлескен жобаларды жү­зеге асыру, конференциялар, дөң­гелек үс­телдер ұйымдастыру, кон­суль­та­циялық көмек көрсету ба­ғытында ынтымақтастық орнат­пақ. Ұлттық спорт түрлерінен түрлі деңгейдегі дүбірлі жарыс­тарды жиі өткізіп тұру басты назарда болмақ.

Спорт академиясы мен «Абай» қоры осылайша игілікті істі қолға алды. Іс-шара барысында академия студенттері Абайдың қара сөз­деріне негізделген қойылым қойып, өздерінің білімді екенін көрсетті.

Оңдасын ЕЛУБАЙ,

журналист

 

АСТАНА 

Бөлісу:
«Абай» қорының спортқа көмегі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар