Бокс
2 мин оқу 620

Толғанай – әлем чемпионы

<p style="text-align: justify;">Спортсүйер қауымның есінде болса, жақында ғана Астана қаласында бокстан жасөспірімдер арасында өткен Азия біріншілігінде таулы өңірдің түлегі Толғанай Қасымхан топ жарып, Азия чемпионы атанған еді. Бұл қуанышты хабарды естіген ел-жұрт боксшы қызды зор құрметпен күтіп алып, артынша тілеуін тілеп жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына шығарып салды. Әлем біріншілігінде де былғары қолғап шебері Толғанайға төтеп берер қарсылас табылмады.</p>

Толғанай –  әлем чемпионы

Арменияның астанасы Ереван қаласында Толғанай Қасым­хан әлем чемпионы атанып, көк туымызды көкке көтеріп, еліміздің мерейін үстем етті.

Спорт десе, ішкен асын жерге қоятын былғары қол­ғап шебері Толғанай Бо­латқызы 2007 жылы 16 шіл­деде Райымбек ауда­ны Нарынқол ауылын­да Ақыновтар әу­ле­тінде дүниеге келген. Ата-анасы Болат Ақы­нов пен Жазира Сәлімжанова 5 баланы дү­ниеге әкелген. Көпбалалы отбасында өсіп келе жатқан жас бокс­шы қыз қазіргі таңда Нарынқол ауы­лындағы Б.Соқпақбаев атын­дағы мектеп-гимназияның 11-сыныбында оқиды. Мектептегі үл­герімі де өте жақсы. Қоғамдық іс-шаралар мен спорт үйірмелеріне белсене араласады. «Алтын бел­гіге» үміт­кер оқушылардың бірі.

Аядай ауылдың ғана емес, есімі елімізге таныла бастаған Толғанай бала жастан спортпен шұ­ғыл­данады. Бұған дейін де жеткен жетістіктері аз емес. Атап айтсақ, бокстан Райымбек ауданының 4 дүркін, Алматы облысының 5 дүркін жеңімпазы атанған. Спорт саңлағы Е.Ибраимовтың құрметіне арналған халықаралық турнирде 3-орынды иеленген. Д.Смағұловтың жүлдесіне ар­налған республикалық турнирде 1-орыннан көрініп, «Жылдың ең үздік боксшысы» кубогін жеңіп алуы да балғын боксшының болашағынан мол үміт күттірген еді. Жалаңтөс баһадүрді еске алуға арналған республикалық турнирде 2-орынға табан тіреді. Қостанай қаласының ашық чемпионатында жүлделі 1-орыннан бой көрсетті. Сондай-ақ Д.Сма­ғұловтың жүл­десіне ар­налған Азия чемпио­натына іріктеуден 1-орынды қан­жы­ла­ған. Бір­неше республикалық, халық­аралық тур­нирдің жеңім­пазы атанған Толғанай енді міне, әлем чемпионы атанып отыр. Бұл жеңістердің артында маңдай тер мен қажыр-қайрат, табанды еңбек тұрғаны түсінікті.

Армениядағы ақтық сында Тол­ғанай ресейлік Кира Лео­но­ваны 3:2 есебімен жеңді. Қарсы­ласын З-раундта нокдаунға жіберіп, кү­шінің басым екенін дәлелдеді.

Әлем чемпионы Райымбек аудандық «Балалар мен жас­өс­пірімдер спорт мектебі» комму­нал­­дық мемлекеттік мекемесінде білікті бапкер Ізбасар Қалқаманнан тәлім алады. Шәкірттің жеңіске жетуіне бапкердің қосқан үлесі орасан зор.

Шекара шебінде орналасқан Нарынқол аулынан әлем чемпио­ны шыққанына аудан халқы дән риза. Білекті де жүректі Толғанайға ал­дағы уақытта да жеңіс тілейміз.

Алматы облысы 

Бөлісу:
Толғанай – әлем чемпионы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар