Ауа райы
1 мин оқу 550

Қазақстанда 33 градусқа дейін аяз болады

<p style="text-align: justify;">Бүгін еліміздің батысы мен солтүстігінде жаңбыр мен қар жауады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Республиканың солтүстігінде қалың қар жауады, көктайғақ болып, боран соғады. Оңтүстік-шығыс пен шығыста жауын-шашын күтілмейді.

Алдағы тәулікте ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді, бірақ 7 желтоқсаннан бастап антициклонның басып кіруі нәтижесінде ауа температурасының төмендеуі күтіледі.

Сонымен қатар 7 желтоқсанда солтүстік-батыс салқын антициклоны кіріп келеді де республиканың барлық бөлігінде жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы күрт төмендейді. Елдің батысы, орталығы мен шығысында 10-18°С аяз, солтүстік-батысы мен солтүстігінде 25-33°С аяз, оңтүстігінде 5-13°С аяз болуы ықтимал.

 
Бөлісу: