Елорда
1 мин оқу 194

Астанада 2000-нан астам жұмысшы, 1000 шақты техника қар күрейді

<p style="text-align: justify;">Қыс мезгілі басталып, қар мол түсуіне байланысты коммуналдық қызметтер тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейтінін елорда әкімдігі ресми сайтында хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

6 желтоқсанда таңертеңгілік уақытта қала көшелері қарын күреуге 2000-нан астам жол жұмысшысы және 1000-ға жуық арнайы техника жұмылдырылды.

Әуелі, орталық көшелер, жолаушылар көлігі жиі қатынайтын орындар, аялдамалар, тротуарлар тазаланады.

Естеріңізге салайық, синоптиктер болжамынша, Астанада 6 желтоқсанда қарлы боран, көктайғақ болады, солтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с кейде 23 м/с жел соғады.

Қалада жабдықталған бірнеше қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін санау жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.

Бөлісу:
Астанада 2000-нан астам жұмысшы, 1000 шақты техника қар күрейді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар