1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшері өзгереді
<p style="text-align: justify;">Келер жылдан бастап елімізде ең төменгі жалақы мөлшері мен ең төменгі зейнетақы мөлшері өзгереді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға қол қойды. Заңға сәйкес 2024 жылдың айлық есептік көрсеткіші, ең төменгі жалақы мөлшері мен зейнетақының ең төменгі мөлшері бекітілді.
Аталған заңның 9-бабында еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі туралы айтылады. Яғни, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы өзгереді.
Ең төменгі жалақы – 85 000 теңге;
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 28 215 теңге;
Зейнетақының ең төменгі мөлшері – 57 853 теңге;
Айлық есептік көрсеткіш – 3 692 теңге;
Базалық әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін өмір сүру минимумы 43 407 теңгені құрайды.
Айта кетейік, кеше Мемлекет басшысы 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға қол қойды.