Президент жас спортшымен үстел теннисін ойнады
<p style="text-align: justify;">Президентке орталықтың директоры Әсет Сағымбаев нысанның жұмысы жайында мәлімет берді, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша салынған бұл спорт кешені халықаралық стандарттарға сай келеді.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздің батыс өңіріндегі ең ірі үстел теннисі орталығының мүмкіндіктері таныстырылды.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы жас спортшы Нәби Қисанмен үстел теннисін ойнап, ракеткаға «Жаңа жетістіктер тілеймін!» деп қолтаңба қалдырды.
Кешеннің барлық корты сертификатталған және құрал-жабдықтары Еуропадан әкелінген. Мұнда әртүрлі жастағы кәсіби спортшыларды дайындауға және халықаралық, әлемдік деңгейдегі жарыстарды өткізуге мүмкіндік бар.
Бүгінде орталықта 268 бала үстел теннисімен айналысады.