Қоғам
1 мин оқу 470

NeMolchi.kz қорының басшысы Дина Таңсәрі күдікке ілінді

<p>NeMolchi.kz қорының басшысы Дина Таңсәрі алаяқтық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Бұл туралы ақпаратты ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметі растады. Ведомство қоғам белсендісіне қатысты басталған тергеу туралы ғана мәлімет беріп, істің мән-жайын жарияламады.

«2023 жылдың 6 қазанында Өскемен қаласы Ертіс аудандық полиция басқармасы Қылмыстық Кодекстің 190-бабы 3-бөлігі («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Қазіргі уақытта тиісті тергеу амалдары жүргізілуде. Оның қорытындысы бойынша құқықтық баға беріледі», - делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайтыны атап өтілген.

Айта кетейік, Дина Таңсәрі (Смаилова) - белгілі қоғам белсендісі және NeMolchi.kz қорының жетекшісі.

Бөлісу: