Жекпе-жек
1 мин оқу 182

Қарсыласын айқын жеңді

<p style="text-align: justify;">Кеше Бахрейннің астанасы Манамада аралас жекпе-жектен Brave CF 77 турнирі өтті. Бұл жарыста еліміздің екі спортшысы өнер көрсетті.</p>

Қарсыласын айқын жеңді

Жартылай жеңіл салмақтағы (66 кг) Николай Самусев осыған дейінгі 8 бәсекенің барлығында жеңіске жеткен еді. Бірақ Парсы шығанағында оның жолы болмады. Қырғыз файтері Әділет Нұрматовпен (12-2) күш сынасып жатқан кезінде ол октагонда абайсызда тайып құлап, қолын сындырып алды. Соның салдарынан жекпе-жекті жалғастыра алмады.

Ал Олжас Досқараев (14-7) ресейлік Руслан Тедеевпен (13-3) айқасты. Бұл кездесуде Олжастың басымдығы анық байқалды. Ол тік тұрып айқасқанда да, күрестің әдісіне салып алысып-жұлысқанда да қарсыласына қарағанда әлдеқайда алым­ды болды. Нәтижесінде, екінші раунд бас­талған бетте Олжас Русланды қылқындыру тәсілімен ұтты.

Бөлісу:
Қарсыласын айқын жеңді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар