Ауа райы
1 мин оқу 2,540

Тәуелсіздік мерекесінде елімізде ауа райы қандай болады?

<p style="text-align: justify;">Еліміздің ең маңызды мерекесінде ел бойынша ауа райы қандай болады? Бұл туралы&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;&laquo;gismeteo.kz&raquo; сайтына сілтеме жасап хабарлайды.&nbsp;</p>

Болжам бойынша, ел ордасы Астанада 16 желтоқсан күні бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ауа температурасы күндіз -6, түнде -13 градусқа дейін төмендейді. 17 желтоқсан күні қар жауып, ауа райы бұлтты болады, күндіз -4, түнде -8 градус суық болады. 18 желтоқсанда елордада қар мен жауын жауып, ауа температурасы -2-8 градус төмен болады. 

Алматыда 16 желтоқсан күні бұлтты және қар аралас жаңбыр жауады деп күтіледі. Ауа температурасы күндіз 1 градус жылы, түнде -7 градусқа дейін төмендейді. 17 желтоқсан күні күндіз 3 градус жылы, түнде -4 градус суық болады, ауа райы бұлтты, жаңбырлы болады деп болжанады. 18 желтоқсан күні 3 градус жылы ауа райы сақталады, ал түнде -градус суық болады, ауа райы бұлтты және жаңбырлы болады.

Шымкент қаласында демалыс күндері күндіз жылы ауа райы сақталады, ал түнде -4 градус суық болады. Бұл күндері Шымкентте ауа райы бұлтты және жаңбырлы болады, қар жауу ықтималдылығы да бар. 

Бөлісу: