Өнер
1 мин оқу 480

Димаш Қытай фильмін қазақша сөйлетті

<p style="text-align: justify;">Әнші Димаш Құдайберген Қытай мифологиясындағы ұлы тұлға &laquo;Шын-нуң&raquo; туралы деректі фильмді дубляждады. Қытайлық БАҚ өкілдері деректі фильмді дубляждау жұмысына Димаш Құдайбергеннің арнайы шақыртылғанын жазды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Kazinform-ға сілтеме жасап.</p>

Қытайдың China Media Group Орталық радиосы мен телеарнасы  әлемгі әйгілі әнші Димаш Құдайберген дубляждаған мифологиялық көркем фильмді халық назарына ұсынды.

«Ғажайып Шын-нуң» деп аталатын деректі фильмде Қытай мифологиясындағы «Шын-нуң» деген кейіпкердің ұлы тұлға болып қалыптасу тарихы баяндалады. 

Қытай аңыздарына қарағанда, «Шын-нуң» алғаш рет адамдарға, күріш, бидай өсірудің өнімді жолдарын, киім тігуді, шөптен дәрі жасауды үйретті. «Шын-нуң» аспан асты халқының түсінігінде адамзат баласы өркениетінің дамуына бағыт-бағдар берген ғажайып тұлға. 

Димаш Құдайберген 4 минуттан асатын деректі фильмді толық өзі қазақша дыбыстап шыққан.

Бөлісу:
Димаш Қытай фильмін қазақша сөйлетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар