-39° градусқа дейін аяз болады – «Қазгидромет»
<p style="text-align: justify;">Желтоқсан айында ауа райы құбылмалы болады. «Қазгидрометтің» болжауынша осы айда кей өңірде қар қалың түсіп, боран соғуы ықтимал, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. </p>

Оңтүстік өңірлерде жаңбырдың соңы қарға ұласады. Секундына 15-30 метрге дейін жел тұрып, соқыр тұман басады. 7-15 желтоқсан аралығында суық арктикалық ауа массасының әсерінен Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында түнде -39°С, күндіз -35°С дейін аяз қысады. Басқа облыстарда да түнде -18°С-қа дейін суытады.
Төтенше жағдайлар министрлігі қауіпсіздік шараларын сақтап, дауыл туралы ескертулер жариялаған кезде, әсіресе қараңғы уақытта алыс жерлерге сапарға шықпауға шақырады.