Оқиға
1 мин оқу 250

Талғарда оқушыны жерге итеріп құлатқан мұғалім жазаланды

<p style="text-align: justify;">Талғардағы 81 оқушы білім алатын жеке меншік мектеп мұғалімі оқушыны итеріп, жерге құлатқан. Оқу-ағарту министрлігі оқиға қазан айында болғанын нақтылады. Бүгінде сабақ үстінде педагогикалық этикаға жатпайтын дөрекі мінез көрсеткен мұғалім жұмыстан шығарылды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Мұғалім бастауыш сынып оқушысын тапсырманы дұрыс орындамағаны үшін ұрысып, тосыннан итеріп, еденге құлатқан. Ол мұнымен қоймай, «тұр, жатпа» деп дауыс көтеріп, бұйыра сөйлеген.

Видеоны tengrinews.kz -ке ата-аналар жолдағанТексере келе Талғардағы жеке меншік мектептің арнайы лицензиясы да жоқ екені анықтылды.

Прокуратура мұғалімнің үстінен қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Оқу-ағарту министрлігі оқиғаға қатысты: 

«Білім басқармасының мәліметінше, аталған оқиға осы жылдың қазан айында болған. Оқушының ата-анасы құқық қорғау органдарына шағым жолдады. Өрескел қылық көрсеткен мұғалім қызметінен босатылды. Қазір құқық қорғау органдары тергеу амалдарын жүргізіп жатыр», деп жазылған мәлімдеме таратты.

Бөлісу: