Жекпе-жек
1 мин оқу 120

Алтын белбеу елде қалды

<p style="text-align: justify;">Астанада аралас жекпе-жектен &laquo;Naiza 55&raquo; турнирі өтті. Бұл жарыс&shy;та Қа&shy;зақ&shy;стан, Бразилия, Жапо&shy;ния, Ре&shy;сей, Әзер&shy;байжан және Қырғыз&shy;стан&shy;ның спорт&shy;шылары сайысқа түсті.</p>

Алтын белбеу елде қалды

Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт сарайына жиналған сан мың жанкүйер Жалғас Жұмағұловтың (14-9) айқас алаңына шыққанын тағатсыздана күтті. Кезінде ол ресейлік «Fight Nights Global» ұйымының чемпионы болғаннан кейін UFC-мен келісім­шартқа отырған еді. Алайда әлемнің ең белді промоушені ұйымдастырған дүбірлі додаларда қандасымыздың жолы болмады. 7 жекпе-жектің алтауында жеңілген Жұмағұлов қайта елге оралды. Астанада 35 жастағы сақа спортшы жапониялық Масато Накамурамен (9-7) жұдырықтасты. Бұл бәсеке ұзаққа созылған жоқ. Жалғас қарсыласын бірінші раундта-ақ ауыр соққысымен ұрып жығып, дүйім жұрттың қошеметіне бөленді.

Елорда төрінде өткен жарыстың басты жекпе-жегінде Диас Еренғайыпов (14-3) пен Жапонияның тағы бір файтері Руи Фукуда (21-7-1) «Naiza» ұйымының алтын белбеуін сарапқа салды. Бұл айқаста Диас ұпай санымен жеңісе жетті.

Бөлісу:
Алтын белбеу елде қалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар